Спорт

Шағын футболдан жеткіншектер де сынға түсті

Сенбі күні дін өкілдерінен бөлек кішкентай бүлдіршіндер де шағын футболдан сынға түсті. Ұлттық валютаның 30 жылдығына орай облыс орталығында 10 жасқа дейінгі балалар арасында турнир өтті.

Финалдық кездесу. Ауыл мен қала балалары арасындағы матч. 1-ші орын үшін петропавлдық “Zhenis” командасы тайыншалықтармен сынға түсуде. Қос ұжым ойыншылары да мықты. Облыстық турнирлердің тұрақты қатысушылары. Тартысты ойында жеңіс “Жеңіс” командасына бұйырды. Олар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

ЕРАСЫЛ МАРДАН, “Zhenis” командасының капитаны, Петропавл қаласы:

– Турнир жақсы өтті. Командамыз жеңді. 1-ші орынды жеңіп алдық. Турнирге күнде дайындалдық. Бұған дейін қаладағы, Көкшетау мен Астанадағы жарыстарға қатысамыз.

Жүлделі 2-ші орын тайыншалықтардың, ал күміс Қызылжар ауданының еншісінде кетті. Айта кетейік, жарысқа барлығы 9 команда қатысты.

АРТЕМ ЗАГОРОДНИЙ, жарыстың бас төрешісі:

– Бұл жарыс Ұлттық валютаның 30 жылдығымен қатар Конституция күніне орай өткізілді. Сайысты Ұлттық банк жыл сайын өткізеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы, ақшалай сыйлықтар беріледі. Арнайы номинациялар да бар. Жастар алаңда жақсы өнер көрсетті. Мұндай турнирлер оларды шыңдауға ықпал етеді.

Жарыста жеңімпаздарға – 75 мың, күміс жүлдегерлерге – 50 және 3-ші орынға 25 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

 

Алдияр Айтпаев