Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Президент жоғары аудиторлық Палатаның 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы есепті тыңдады. Есепті кезеңде барлығы 121 объектіде шамамен 9,3 трлн теңге бюджет қаражатын қамтитын 12 аудиторлық іс-шара өткізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экология және табиғи ресурстар министрлігіндегі жекелеген аудиторлық тексерулердің қорытындылары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, “Қазсушар” РМК және басқа да құрылымдар  туралы да хабарланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бюджет қаражатын пайдалану және мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі аудиті бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.