Қоғам

Әскери есепке қатысты өзгертулер

Елімізде Қорғаныс министрлігінің тарапынан цифрлік трансформациялау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл шараның барысында түрлі бағыттағы жұмыстар өзгертілсе, кейбірі мүлде алынып тасталды. Енді 17 жастағы балалар әскери есепке алынбайды. Бұл норма 2024 жылдың 1-ші қаңтарынын бастап күшіне енеді.

РУСЛАН ОМАРОВ, ҚР ҚК БШ ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары:

– Бұдан басқа, цифрлық трансформациялау нәтижесінде автоматты түрде әскери есептен алу мәселесі де жүзеге асырылды. Бұрынғыдай әскерге шақырушы өзінің тұрғылықты орнын жергілікті әскери басқармасына немесе ПЭП арқылы өтініш білдіріп, әскери есепке тұруға міндетті еді. Қазіргі таңда бұл міндет мүлдем алынып тасталды.

Сондай-ақ, цифрландырудың арқасында енді әскери есепке тұру немесе одан шығу үшін военкоматқа келудің қажеті жоқ. Қазіргі таңда Egov порталында әрбір азаматтың жеке кабинетінде нақты әскери есепке алу деректері көрсетілген. “Әскери міндеттемелер” атты бағдарлама да бар.

РУСЛАН ОМАРОВ, ҚР ҚК БШ ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары:

– Қазіргі таңда Қорғаныс министрлігі мен жетекші жоғарғы оқу орындарымен меморандумға қол қойылды. 70-тен аса білім ордасы келісті. Бұл құжатқа сәйкес қазіргі таңда 3 мың мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарымыз ҰБТ-ға кірмей, тегін түрде бұл оқу орындарында оқи алады. Егер сол 3 мың азамттың ішіне кірмесе, ол ақылы түрде оқи алады.

Әскери ақпараттық жүйеде 16 жастан 60 жасқа дейінгі ерлер туралы барлық қажетті ақпарат бар. Кездесуде әскери қызметке деген қызығушылықты арттыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы да айтылды.