Денсаулық сақтауБалалар

“Жайлы мектептердің” барлығында ыңғайлы жиһаз бен жеделсаты болады

Оқушылар арасында сколиоз дерті 2 есе артты. Оның себебі – оқушылар партаға отырған кезде бойы мен жас ерекшелігін ескермеу. Енді “Жайлы мектептердің” барлығында балаларға арналып жағдай жасалмақ. Білім ордасында ыңғайлы жиһаз бен жеделсаты болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш айтты. Жаңадан салынатын барлық мектепте оқу құралдарын ауыстырып, киім сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылады.

ҒАЛЫМЖАН МОЛДАШ, ҚР Оқу-ағарту министрлігі қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры:

– Қазіргі уақытта ешбір мектепте лифт жоқ. Бұдан былай енді салынатын барлық мектеп лифтпен жабдықталады. Ұлттық жобаны іске асыруға 30-дан астам мемлекеттік орган мен ұйымдар қатысып жатыр. Әрқайсысының өз рөлі мен жауапкершілігі бар. Оқу-ағарту министрлігінің рөлі – ұлттық жобаны сапалы іске асыруда әдіснамалық сүйемелдеу және бақылау. Samruk-Kazyna Construction мен өңір әкімдіктері мектептердің сапалы салынуына және уақытылы пайдалануға берілуіне жауапты болады.

 

Гульден Симбаева