Білім

Жаңа оқу жылы мамырдың 25-і аяқталады

Елімізде оқу жылының бұрынғы ұзақтығы – 34 апта қайтарылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Енді мектеп оқушыларына арналған соңғы қоңырау мамырдың 25-і соғылады.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі:

– Бұл мәселе бойынша қоғамда көптеген шағымдар мен педагогикалық қоғамдастықтың ұсыныстары болды. Бұл – әлемдік тәжірибе. Бірақ, мұндай инновацияларды енгізбес бұрын мұқият дайындық қажет. Министрліктің шешімі дұрыс, бірақ асығыс болды деп санаймын. Осыған байланысты биылғы жылы 34 апталық ұзақтыққа 25 мамырда аяқталуымен оралу дұрыс деп санаймын.

 

Гульден Симбаева