– Вы должны достигнуть 18-летнего возраста, у вас должна быть любая категория в водительском удостоверении. – С 30 августа этого года? – Да. И у вас должен быть шлем. В темное время суток у вас должен быть какой-нибудь элемент светоотражающий, например – нарукавник, рюкзак со светоотражающим элементом.
Полиция қызметкерлері электрлі көлік құралдары мен велосипед мінетін азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дулыға, тізе мен шынтақ қорғауыштар. Осылар тұрғындарда болуы қажет. Киім мен сөмкеге жарық шағылыстыратын элементтерді жабыстырып алған жөн. Ал неге тыйым салынады? Самокатқа 2 адамның мінуіне және көлемі үлкен жүктерді тасымалдауға болмайды. Сонымен қатар, заман игілігімен тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен ғана жүрген абзал.
ӘСЕМГҮЛ ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
– Электрлі самокаттардың жүргізушілеріне тыйым салынады: бір қолмен рөлді ұстамай жүргізуге, жолаушыларды тасымалдауға, трамвай жүретін жолдарда, осы бағытта жүруге арналған біреуден астам жолағы бар жолдарда солға немесе кері бұрылуға, электр самокат пен мопедтерді, велосипедтерді сүйретуге тыйым салынады. Сонымен қатар, көлік құралынан түспей, жаяу жүргіншілерге арналған жолды кесіп өтуге және тәуліктің қараңғы уақытында басқа көліктердің жүргізушілеріне көрінетін жарық қайтарғыш затсыз жолда жүруге тыйым салынады.
Жыл басынан бері облыс жолдарында 184 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 22 адам қаза тауып, 266 адам жарақат алды. Ал велосипедші мен скутер жүргізушінің қатысуымен 2 оқиға болыпты. Екеуінде де велосипедші мен скутерші зардап шеккен.
Гульден Симбаева