Білім

Педагогтерге арналған шеберлік сағаты өтті

Республикалық тамыз кеңесіне жиналған әр өңірдің білікті мамандары Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейіне жиналды. Қазір өздерінің игерген мамандықтары бойынша өз білгендерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады. Шараның бастауы көңілді би-шашумен ашылды.

Гүлназ Мұсақұлова шырайлы Шымкенттен келіп отыр. Жүсіпбек Аймауытов атындағы №65 гимназияда 10 жылдай жұмыс істеп келеді. Педагог әріптестерімен ерекше балалармен жұмыс істеу туралы тәжірибесімен бөліседі.

ГҮЛНАЗ МҰСАҚҰЛОВА, Шымкент қаласындағы Ж.Аймауытов атындағы №65 гимназия мұғалімі:

– Бүгінгі шеберлік сағатына қатысып жатырмын. Менің тақырыбым – қазіргі таңдағы инклюзивті білім берудегі ерекше бағдарды тапсырмаларды дамыту. Жалпы, инклюзивті оқушыларға көмек беру және оларға сабақ беретін оқытушыларға психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндіру. Біздің мектепте логопедтер мен дефектологтар жұмыс істейді. Жалпы, мектебімізде 23 инклюзивті оқушы бар. Одан бөлек, 3 педагог – ассистент пен аутист балалар бар. 45 логопедтік көмекті қажет ететін оқушылар бар.

Қаладағы 1 мектеп пен 2 балабақшада да осындай тәжірибе алмасу шаралары өткізіліп жатыр. Ұйымдастырушы – ” Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары.

ГАУХАР ЖҰМАНОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ ШҚО бойынша кәсіби даму институының директоры:

– Солтүстік өңірге барлық жақтың мұғалімдері келіп, 3 мекемеде, яғни мектепке дейінгі білім беру және орта білім беру бойынша шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр. Әрине, бұл теория мен лекция емес, практикаға бағытталып жатыр. Өте белсенді түрде интерактивті әдіс арқылы мұғалімдермен қазіргі кездегі ең өзекті халықаралық деңгейдег тәсілдерді үйрену. Сонымен қатар, бір-бірімен пікір мен тәжірибе алмасады.

500 маманның басын қосқан бұл жиын ертең мәресіне жетеді.

 

Акжунис Мухатай