«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылған. Биылғы 10-шы тамыздағы жағдай бойынша 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 3 344-і мақұлданыпты. 2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге займ берілген. Қалған бастамалар қаржыландырылу үстінде. Несие алушылардың басым көпшілігі – мал және өсімдік шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар. Қоса кетейік, қарыз 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін рәсімделеді. Биыл елімізде 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.
Байболат Култанов