Құқық қорғау органдары

Облыста жыл басынан бері 440 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

– Вы слышали про интернет-мошенничества? – Да. – А встречались? Вам звонили по телефону? – Нет. У меня нет счета в банке, у меня телефон простенький, никто не звонил. А так – по телевизору, с людьми общался – знаю, что такая ситуация бывает.

Интернет-алаяқтық фактілері күн санап артуда. Полиция қызметкерлері саяжай қоғамдастықтарына барып, тұрғындарға қулардың қармағына түспеудің амалдары жайлы айтты. Жаднамалар жабыстырып, плакаттар ілді. Мамандар айлакерлердің алдын ала төлем жаса және ақша аудар деген күмәнді ұсыныстарына сенбеу керек дейді.

– Один раз меня надули, но по телефону. Дети у меня сдают квартиру, ну, и, звонили; якобы налоговая и так далее. – А вообще знаете, как в таких ситуациях поступать, чтобы не стать жертвой мошенников? – Ну, во первых – ничего не делать. Да, завершить разговор, ничего не делать.

Полицейлердің айтуынша, соңғы уақытта айлакерлер қашықтықтан отырып басқаруға болатын қосымшаларды пайдалана бастаған. Алаяқтар адамдарды тегін бағдарламаны жүктеуге мәжбүрлейді. Олардың арасында экранда көрсетілген Rust Desk, AnyDesk, TeamViewer деген қосымшалар жиі кездеседі.

МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтардың жаңа айла-тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бүгін облыс орталығындағы саяжай қоғамдастықтарында жаднамалар тараттық, зейнет жасындағы және зейнет жасына дейінгі азаматтармен әңгімелестік. Жыл басынан облыс аумағында 440 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Сондай-ақ, қулар өздерін құқық қорғау маманы ретінде таныстырса, әр адам бірден өз банкінің Call-орталығына немесе «102» арнасына қоңырау шалғаны жөн.