Қазақстан жаңалықтары

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Ұлттық сыныптауышына (ҚР ҰК) өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде

Жүргізілген талдау шеңберінде жаңартылған ҚР ҰК жобасына 900 – ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның 839-ы жаңа болады. Өзгерістер жобасы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және “Атамекен”ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.

Сонымен қатар, Еңбек министрлігі атап өткендей, электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілер, жұмыс берушілер қауымдастықтарының , Кәсіби Стандарттар мен жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын әзірлеушілердің ұсыныстары ескерілді.