СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Петропавлда құрылысы созылып кеткен нысандарды аралады

Облыс әкімі ең алдымен Жас Өркен ықшам ауданында салынып жатқан емхананың барысымен танысты. Нысандағы жұмыстардың басым бөлігі атқарылған. Жақын арада жаңа медициналық мекеме қолданысқа беріледі. Бұдан соң Айдарбек Сапаров абаттандыру әлі аяқталмаған көпқабатты үйлерге барды. Әкім бірқатар шағымдарды, соның ішінде төселген тротуардың сапасы сын көтермейтінін атап өтті. Нысан ішіндегі жағдай да тексерілді. Айдарбек Сапаров пәтерді тапсырмас бұрын барлық жағдайды қалыпқа келтіруді тапсырды. Әрі қарай өңір басшысы Горький-8 көшесінде орналасқан жаңа үйлерге барды. Тұрғындарға баспана кілттерін тамыз айының соңында беруге уәде етілген.

– 50 человек заходит на отделку. Сейчас заканчиваем. – Санузел, все это успеете? – Естественно.

Айдарбек Сапаров көрші үйлердің жанында жүргізіліп жатқан жұмыстармен де танысты. Әкім мұндағы абаттандыру жұмыстарын сынға алды. Компанияның бас директорының айтуынша, қазір істің 80% тындырылған.

С задней стороны тоже брусчатку выложили, выстелили. Осталась вот детская площадка, 4 дом. – Здесь еще слой асфальта у вас будет? – Да.

Облыс әкімі нысандағы жұмыстар үнемі дер кезінде орындалмайтынын атап өтті. Компанияға жұмыстарды орындау сапасына да, жылдамдығына да қатысты бірқатар ескерту жасалды. Өз кезегінде мердігер бұл жолы бәрін уақытында және кемшіліктерсіз орындайтынын алға тартты.

ДӘУРБЕК НҰРЫМҒАЛИЕВ, «Энерджи-Тараз» ЖШС бас директоры:

– Айдарбек Сейпелович, жұмыстардың барлығын кешіктіргеніміз үшін, бұл аумаққа өзіміздің өндірісіміздің шамдарын қоюға рұқсат берсеңіз. Бізде арнайы зауыт бар.

Бұдан әрі аймақ басшысы 244 орынға шақталған жергілікті университет студенттеріне арналған жатақханаға барды. Қазір мұнда жұмыстар қарқынды жүргізілуде, бірақ кестеден артта қалушылық байқалады. Ғимарат қыркүйек айына дейін тапсырылуы керек еді, бірақ мерзім шамамен 2-3 аптаға ауыстырылды. Қазір нысанда 100-ге жуық адам еңбек етуде.

ОКСАНА ГРИБАНОВА, «Пилон» құрылыс компаниясының директоры:

– Жұмыс аяқталуға жақын. Біз қасбеттік жұмыстарды, ішкі әрлеу жұмыстарын аяқтап қалдық. Казір сырлау, есіктерді, ажыратқыштарды, өрт дабылын, телефондандыруды орнату жүріп жатыр. 20 қыркүйекке дейін істі аяқтаймыз. Сонымен қатар, бүгінгі күні абаттандыру, желілер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыс басшысы қалада жөнделіп жатқан жолдардың жұмысымен де танысты. Айдарбек Сапаров Уәлиханов көшесі бойынша Чкаловтан Мүсіреповке дейінгі ауқымды кешенді жұмыстарды тексерді. Мұнда жол кеңейтіліп, тротуарлар пайда болады. Бұдан бөлек, басқа да істі қолға алу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 330 миллион теңге бөлінді. Компания директорының сөзінше, жұмыстар 1 маусымда бастау алып, тамыз айында аяқталуы керек.

БОЛАТ БУХАНОВ, «Благоустройство-Север» ЖШС директоры:

– Мұнда кенепті орташа жөндеу, реконструкциялау, нөсер кәріздерін, сыртқы желілерді тасымалдау, қосымша жолақ қосу жұмыстары жүргізілді. Жолдар 9,5 метрге дейін кеңейтілді. Көше Уәлиханов көшесіне сәйкес келуі керек.

Назарбаев көшесі де жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Облыс әкімі берілген істі кешіктірмей, белгіленген мерзімнен бұрын аяқтауға тырысуды тапсырды.

– Когда вы закончите работы? – Это где-то дней 8. -Полностью? – Да, эти 8 дней надо нужны после фрезерования, чтобы дойти до Абая. – Времени мало осталось. Вы асфальт кладете – основное дорожное полотно, сразу же надо параллельно ИКИ и тротуары делать, и бордюры менять, сразу все делать надо, чтобы люди работали.

Аймақ басшысы Копай шағын ауданындағы ауқымды құрылысты аралады. Мұнда қазір көпқабатты үйлерді салу жұмыстары жүргізілуде. Көп ұзамай ескі үйлердің орнында қаланың заманауи жаңа бөлігі пайда болады.

ХАЙДАР АТАЖАНОВ, «Стройкомпания» ЖШС директоры:

– Алаңда қадалар бітеліп, монолитті плиталар төселді, жертөле қабырғаларының блоктары орнатылды, бірінші қабатты қалау басталды. Қызметкерлер, жұмысшылар жеткілікті.

Алайда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы бойынша жұмыстарға Айдарбек Сапаров наразы болып қалды. Кестеден артта қалушылық орын алғандықтан, облыс әкімі мердігерлердің қызметін сынға алды. Өңір басшысы тиісті шара қабылдау қажет екенін атап өтті.

– С прошлого года они были привлечены, попросили поправку, попросили финансирование, мы предоставили поправку, предоставили экспертизу, предоставили финансирование, но работы нет, они отстают от графика.

Бұдан соң облыс басшысы Береке шағын ауданына барды. Мұнда да жауапсыз мердігерлердің кесірінен абаттандыру мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу кестесінен артта қалушылық байқалады. Компания тапсырмаларды орындамағандықтан, әкімдік келісімшартты бұзған.

ВИКТОР ЯРОШЕНКО, техникалық қадағалау жөніндегі сарапшы:

– Көптеген ескертулер еленбеді. Проблемалық учаске. Кіреберістің жанында жылу трассасы бар, кәріз толығымен қосылуы, сондай-ақ су құбырына тартылуы тиіс, осы жобалар бойынша телефондандыру желілері толық салынбаған. Егер бірнеше ұйым инженерлік желілер, абаттандыру бойынша бөлек-бөлек кіріссе, бжұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы мүмкін.

Облыс әкімі жаңа мердігерлік компанияның жұмысын бақылауды және қажет болған жағдайда тағы бірнеше ұйымды тартуды тапсырды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Будет ли здесь асфальт? – Да. – Что там будет? – Есть мощеная дорожка. – Здесь 3,5 метра асфальта? – Да. – Что тут происходит? – Площади, площадь небольшая. 01: 42-сколько людей работает? – Около 20 человек. – Давай еще 30 человек поставь сюда. Усиливайте работу, нужно быстрее. “Теперь мы также ищем дополнительные бригады, которые придут на помощь.

Сондай-ақ, Айдарбек Сапаров Береке шағын ауданында салынып жатқан емхананың жұмысын да қадағалады. Бұл нысан да құрылысы созылып кеткен ғимараттардың қатарында. Медициналық мекеме ауысымына 250 азаматты қабылдайтын болады.

БЕРІК САЛДАНОВ, «Тоир» ЖШС компаниясы директорының міндетін атқарушы:

– Жұмысшылар жетіспейді. Менің ойымша, барлық құрылыс ұйымдары осындай қиындыққа тап болады, жұмыстың тұрып қалуы кадр жетіспеушілігінен орын алып отыр. Сондықтан, кестеден сәл артта қалушылық бар.

Жауаптылардың айтуынша, жұмыстар 90% аяқталды және нысан қыркүйек айында толығымен тапсырылады. Оған қазынадан 2 миллиард 400 миллион теңге бөлінді. Облыс әкімі құрылысты бақылауда ұстап, мердігер ұйымдармен туындаған мәселелерді белсенді шешу керектігін атап өтті.