Мәдениет

Қазақ театрында “Дауылпаз баба – Қожаберген” қойылымы сахналанды

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында Қожаберген Толыбайұлының 360 жылдығына орай “Дауылпаз баба – Қожаберген” қойылымы сахналанды. Спектакльде сол кездегі заман қасіреті ғана емес, Қожаберген жы­раудың болмысы, ақындығы мен ба­тырлығы, көсемдігі мен көрегенділігі, ұлтжандылығы оқиғалар желісі арқы­лы көрсетіледі. Сондай-ақ, орыс пат­шалығынан көмек сұраған сатқын­дар­дың сұрқия істері мен айласы да спектакль желісіне арқау етілген. Қожаберген жыраудың Тәуке ханның “Жеті жарғысын” дайындауға зор үлес қосқандығы да қойылымда үй­ле­сімді көрініс тапқан.

Қойылымды тамашалауға келген көрерменнің қарасы қалың. Залда ине шаншар орын болған жоқ. Өнерсүйер қауымның ойын білдік.

– Бұл спектакльдің қуантатыны, ең біріншіден, қазақша болып жатқаны. Қаламызда білдей бір қазақ театрының ашылып жатқанына қуаныштымын.
– Үлкен, жақсы әсер аламын деп ойлаймын осы спектакльден. Жастарға рахмет осындай қойылым көрсетіп жатқандарына.

“Елім-ай” тарихи дастанының желісі бойынша көрерменге жол тартқан қойылым 2015 жылдан бері театр репертуарынан түспей келеді.

 

Ақжүніс Мұқатай