Қоғам

Қоғамдық көлікпен қатынау бағасы өзгереді

Қоғамдық көлікпен қатынау бағасы қымбаттайды. Бұл жаңалықпен Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров бөлісті. Жаңашылдық жанармайдың қымбаттауына байланысты енгізгелі отыр. Сондай-ақ, жүргізушілердің жалақысының аздығы да себеп болған. Жалпы, бұл мәселе өткен жылдың қарашасынан бері қаралып келе жатқан екен. Шешім бүгін қалалық мәслихатта қабылданды.

ӘДІЛБЕК ӘУБӘКІРОВ, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Соңғы рет тариф 2017-ші жылы көтерілді. 6 жарым жылға жуық уақыт өтті. Ведоствоаралық комиссия отырысында жаңа баға 100 теңге деп бекітілді. Ал жолаушы қолма-қол төлем жасаса 170 теңге төлейді. Балалар билетінің бағасы сәйкесінше 50%-ға арзан.

Осы ретте бұқараның ойы екіге бөлініп отыр. Қоғамдық көлік күткен жандарды сөзге тарттық. Бірі жаңашылдыққа оң көзқараспен қараса, келесілері қалтаға салмақ түседі деуде.

– Өзім зейнеткермін. Қиын болайын деп тұр. Жұма сайын ауданнан келемін. Сол кезде қоғамдық көлікпен жүремін.
– Таң қалып керек емес. Қазір елде инфляция болып жатыр. Жанармай қымбаттауда. Әрине, тариф те өседі.
– Зейнеткерлер, оқушылар, жалғызбасты аналар мен көпбалалы отбасыларға ауыртпалық түседі. Өзім автобуспен жиі жүремін.

Жалпы, күнделікті облыс орталығында 18 бағыт бойынша 185 қоғамдық көлік қатынайды. Бір күнде автобустарға 65-75 мың адам мінеді екен. Айта кетейік, жаңа бағаның қашан енгізілетіндігі әкімдікте дөп басып айтылмады. Бірақ, жақын күндері күшіне енеді.

 

Алдияр Айтпаев