Экология

Есіл өзенінде 40 келіге жуық балық қырылып қалды

Есіл өзенінде 30-40 келі шамасында балық қырылып қалды. Нәлім мен көксеркенің өлекселері тамыздың 15-і күні Сергеев су қоймасының төменгі жағынан табылды.
Оқиға орнына барған жұмыс тобы Есіл өзенінің өне бойын қарап шықты

СҚО экология департаменті:

– Облыстық экология департаментінің мамандары судан сынама алса, ветеринарлық қызмет өкілдері зертханалық зерттеуге қажет балық денелерін теріп алды. Жергілікті атқарушы орган өлі балықтарды жинап, санитарлық нормаға сәйкес жою жұмыстарын ұйымдастырды. Балықтың қырылу себебі зерттеу жұмысы жүргізіліп болған соң жарияланады.