Спорт

Тимирязево ауылында «Жастар-2023» спартакиадасы басталды

Тимирязев ауданында «Жастар-2023» облыстық спартакиадасы басталды. Жарысқа өңіріміздің 13 ауданынан жиналған 350 спортшы қатысуда. Сайыс спорттың 4 түрі бойынша өтеді: жағажай волейболы, шағын футбол, грек-рим күресі және әйелдер күресі.

ОЛЬГА НАДОБЕНКО, жарыстың бас төрешісі:

– Бұл додаға 18 бен 23 жас аралығындағы қыз-жігіттер қатысады. «Жастар-2023» спартакиадасы Халықтық спорт ойындары спартакиадасының тізіміне енгізілген. Оның жалпы қорытындысы жыл соңында шығарылады.

Шал ақын ауданының намысын қорғайтын Наталья Саенко – кәсіпқой волейболшы. Бойжеткен өмірін спортсыз елестете алмайды. Қолынан доп түспейтін жерлесіміз жарыстардың бірде-бірінен қалмауға тырысады екен.

НАТАЛИА САЕНКО, жарысқа қатысушы:

– Біз өткен жылы жағажай волейболынан чемпион атандық. Былтырғы жетістімізді биыл қайталау – мақсатымыз. Сол үшін барымызды саламыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Шын мықты жеңімпаз атансын!

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі 17-ші тамызда белгілі болады.

 

Байболат Култанов