Кадрлыс өзгеріс! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Асхат Джакипбеков тағайындалды. Асхат Саттарханұлы 1978 жылы туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Азамат соңғы тағайындауға дейін агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары, Сотқа дейінгі тергеу қызметі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. Ал бұрынғы басшы – Сергей Перов Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті басқарады.
Байболат Култанов