Тілсіз жаумен арпалысқан теріскейлік өрт сөндірушілер халықаралық жарыста жоғары нәтиже тіркеді. Ресей Федерациясында өткен бәсеке Түмен облысы күні мен спорт күніне орайластырылған. Сайыста көршілес ел мен Қазақстаннан жиналған 30 команда бақ таластырды. Бәсекенің қорытындысы бойынша Түмен облыстық бас басқармасы ТЖМ командасы жеңіске жетті. Күмісті ресейлік мамандандырылған өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы жөніндегі бөлім ұжымы қанағат тұтты. Ал үздік үштікті солтүстікқазақстандық ТЖД мамандары түйіндеді.
Алдияр Айтпаев