Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Үкімет отырысында мәлімдеді.
“Қазақстанның ЖІӨ өсуі бойынша ХВҚ болжамы 4,3% – дан 4,8% – ға дейін өсті. Әлемдік қор нарықтарында өсу жалғасуда. Мәселен, 2023 жылдың басынан бастап дамыған елдердің акциялар нарығының MSCI World индексі 17,8%-ға, АҚШ – тың 10 жылдық МБҚ-ның кірістілігі 9 базалық пунктке, 3,96% – ға дейін өсті. АҚШ долларының индексі 1,6% – ға әлсіреді”, – деді Виталий Тутушкин.
Сондай-ақ, спикер АҚШ пен Еуроаймақтың орталық банктері ақша-несие саясатын қатаңдатуды жалғастырып жатқанын атап өтті.