Экономика және қаржы

Елден кеткен азаматтар зейнетақы қорынан 22 млрд теңгеден астам жинақтарын шешіп алған

Қазақстандықтар жыл басынан бері БЖЗҚ-дан 22 млрд теңгеден астам жинақтарын шешіп алған. 9 мыңнан астам салымшы аталған операцияны елден кетуіне байланысты жүзеге асырған деп хабарлайды LS порталы. Жалпы, қордан қаражаттарын шешкен жандардың 5,6 мыңы ақшаларын ресейлік рубльмен алған. А3 мыңға жуық адамға теңгемен беріліпті. Сондай-ақ, өз жинақтарын доллар, еуро, фунт стерлингпен шешкен қазақстандықтар да бар екен. Соңғы аталған валютамен жинақ Ұлыбританияға аударылған. Ал доллармен қыруар қаражат Польша, Түркия, Канада, АҚШ және басқа елдерге кеткен.

 

Алдияр Айтпаев