ТКШ

Тарифті қалыптастыру мәселесі талқыланды

“СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ға өткен жылы 5 млрд 120 млн теңгеден астам тарифтік кіріс кірген. Бұл жоспарланған көрсеткіштен 4%-ға төмен. Бұл мәліметтермен кәсіпорынның бас директоры Анатолий Казановский табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінде өткен облыстық комиссия отырысында бөлісті. Шарада тарифтерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры:

– 2022 жылға арналған тарифтік сметаны орындау іс жүзінде 8 млрд 267 млн теңгені құрады. Бұл ағымдағы тарифтегі шығындардан 62,28%-ға жоғары. Өндіріс шығындары болса 7 млрд 633 млн теңгені құрады. Бұл тарифтік сметада қарастырылған шығындардан 56,48%-ға көп. Бұған шикізат пен материал бағасының және отынға кеткен шығынның 14,69%-ға өсуі себеп болып отыр.

Ал инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында кәсіпорын үлкен жұмыс атқарған. Барлық іс уақытылы орындалған. Тек жылутасымалдаушы көлікті күрделі жөндеуден өткізу шаруасы ғана биылға қалдырылыпты.

ДАМИР ТОҚТАМЫСОВ, Табиғи монополияларды реттеу комитеті СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Жеткізуші белгілі бір бөлшектерді алып үлгермеді. Осыған байланысты жобаны 2023 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бүгінде оларда «Инвестицияларға айырбас тарифі» жаңа тарифтік бағдарламасы бар. Онда инвестиция көлемі 537 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Мамандардың айтуынша биыл облыста жалпы сомасы 1 млрд 900 млн теңгенің жылу энергиясын өндіруге арналған инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Алдияр Айтпаев