Қоғам

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры ауысты

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры ауысты. Енді ұйымды Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының Құрметті энергетигі Анатолий Казановский басқарады. Тайынша қаласының тумасы бұл салада 20 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ол электр энергиясын бөлу және бақылау бөлімінің басшысы, «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ вице-президенті, Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы өндірістік-техникалық департаменті директорының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған. 2015 жылдың қазанынан 2023 жылдың тамызына дейін «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ басқарды.

 

Байболат Култанов