ТКШ

Қызыләскерліктер сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі

Мамлют ауданындағы Қызыләскер ауылында аулаға дейін су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауапты мердігер – астаналық “Life Stroy Invest” серіктестігі. Іске республикалық бюджеттен 191 млн теңге бөлінген. Тамызда басталған құрылыс қазан айының соңында бітеді деп жоспарланып отыр.

БАУЫРЖАН БӘКІРОВ, мердігер серіктестіктің прорабы, Астана қаласы:

– Жұмысты 12-ші тамызда бастадық. Бригадада 12-13 адам жұмыс істеп жатыр. Техникадан үлкен экскаватор бар. 0:06 Сыртқы су құбырларын өткізіп жатырмыз. 150 абонент бар. Проект бойынша жалпы ұзындық 6200 метрді құрайды. Материалдың бәрі уақытында келіп тұрады. Ешқандай мәселе жоқ.

Бүгінде 3 жарым шақырымы тартылып қойған. Материалдың бәрі – отандық өнім. Құбырлар Астана қаласынан әкеліпті. Жалпы, Қызыләскерде 500-ден аса адам тұрады. 120-дан астам аула бар. Енді ауыл тұрғындары біраз машақаттан құтылмақ. Қызыләскер ауылдық округінің әкімі Қарлығаш Усманованың айтуынша, елді мекен 100 пайыз сумен қамтамасыз етіледі.

ҚАРЛЫҒАШ УСМАНОВА, Қызыләскер ауылдық округінің әкімі, Мамлют ауданы:

– 2019 жылға дейін біз суды құдықтан алып жүрдік. Әрине, суы ащы болды. Ішінде небір заттар, тіпті, тышқандар жүретін. Амал жоқ ішуге тура келді. 19-шы жылы санация жүргіздік. Бірақ, бағасы қымбатқа түсті. Оны тек ауыл тұрғындарының 30 пайызы ғана пайдалана алды. Енді бұл күрмеулі мәселе де шешімін тауып жатыр. Таза суды Есіл өзенінен аламыз. Қазір судың тарифі – 500 теңге. Су құбырларын тартқан соң арзандайды деп ойлаймыз.

Бұл – 75-ші жылы салынған Қызыләскер орта мектебі. Білім ошағында 90-ға жуық оқушы бар, 20-дан астам мұғалім қызмет етеді. 3 қабатты нысан 3-ші рет күрделі жөндеу көріп жатыр. Іске “Ауыл – ел бесігі” жобасы аясында 139 млн теңге бағытталған. Осы сомаға жылу және электр жүйесі жаңартылып, дәліз бен кабинеттердің ағаш терезелері ауыстырылады. Мердігер – “Қызыләскер” серіктестігі.

ОКСАНА ФЕЛЬБУШ, М.Скачков атындағы Қызыләскер орта мектебінің директоры, Мамлют ауданы:

– Мектептің сиқы кеткені соншалық, жөндеу жұмысын жүргізу қажет болды. Терезелер сынып, қирауға шақ тұрды. 130-ға жуық терезе ауыстырылып жатыр. 1-қабаттағы жылу батереялары мен электр сымдарын ауыстырдық. 2-ші мен 3-ші қабат дайын тұр.

Іске 12 адам жұмылдырылған. Жөндеу жұмысы жаңа оқу жылына дейін аяқталады.

 

Аснурия Абдула