Халық қаржыдан қысылған кезде лезде барып микрокредит алуға әуестенген. Себебі, банктерге қарағанда талаптары жеңіл. Төлқұжаттан басқа ештеңе сұратпайды. Адамдардың жалақыға дейін алатын сомасы 20 мың теңгеден басталады екен. Оның өзін төлемей, тағы екіншісін алатындар да бар көрінеді. Мамандардың айтуынша, көбіне ақша алуға зейнеткерлер келетін көрінеді. “Бірінші кредиттік бюро ақпаратынша, елде бір ғана маусым айында қазақстандықтар рекордтық сомада несие алған”,- деп хабарлайды Aikyn. kz. Енді, бұдан былай шағын несие екінің біріне қолайлы бола бермейді. 1-ші шілдеден бастап микроқаржы нарығындағы талаптар күшейді. Қысқамерзімді кепілсіз тұтынушылық қарызды тәуекел-саралау көрсеткіші 200%-дан 500%-ға дейін өсірілді. Ал шағын және орта бизнесті несиелендіру шарттары керісінше жеңілдетілді. Ондағы тәуекел-саралау көрсеткіші 100 пайыздан 50 пайызға төмендетілген.
Аснурия Абдула