«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры алдағы оқу жылына 850 білім грантын бөлді. Бұл конкурсқа 2023 жылы ҰБТ тапсырып, университетке түсу үшін шекті балл жинаған 29 жасқа дейінгі түлектер қатыса алады. Тамыздың 10-ында басталған өтінім қабылдау жұмысы 17-сіне дейін жалғасады. Грант иегері оқуды аяқтағаннан кейін оны ақтауға міндеттелмейді.
«Қазақстан халқына» ҚҚ гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады:
– ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан тұлғалар;
– жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
– мүгедектігі бар азаматтар;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
– 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
– төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.
Акжунис Мухатай