Солтүстік Қазақстан облысына Қазақстан ұлттық ғылыми медицина орталығының президенті Абай Байгенжин келді. Ол өңірге сапары кезінде көпбейінді облыстық аурухананың ахуалымен және жұмыс барысымен танысты.
– Бізде 2 инсульттік орталық бар. Оның бірі 3-ші қалалық ауруханада. Ал екіншісі көпбейінді облыстық ауруханада. Күніне 4-5 науқас түседі.
Медицина ғылымдарының докторы мекедемегі техника мен құрал-жабдықтардың жағдайын бағамдады. Бұл – қан тамырлары мен жүрек жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін сандық ангиограф. Рентген аппараты кеселдің сипаты мен орналасуын тез және нақты анықтауға септеседі.
Бұдан соң Абай Байгенжин дәрігерлермен кездесу өткізді. Шара барысында қатерлі ісікті және инсультті емдеу тәсілдері айтылды. Мамандар осындай жиындардың берер пайдасы көп екендігін атап өтті.
Аснурия Абдула