МТРА жаңалықтарыҚоғам

8 жасар қызды зорлаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты

Облыс орталығында 8 жасар қызды зорлаған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты. Естеріңізге сала кетейік, жаға ұстатар жайт өткен жылдың шілдесінде орын алды. Ойқала кентінде 27 жастағы айыртаулық жеткіншекті ұстап алып, арам ойын жүзеге асырған. Оқиға қыздың үйінен 50 метр жерде болған. Куәгерлердің айтуынша жәбірленушінің бұталар арасынан жан ұшыра айқайлағанын әкесі естіген. Бірақ, көмектесуге ұмтылған азамат қылмыскерден көз жазып қалған. Полиция қызметкерлері алаяқты бейнебақылау камералары көмегімен анықтап, құрықтады. Белгілі болғандай Алексей Мальченко Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы колония-қонысқа қашып кеткен. Ол кезде ол онда тонау ісі бойынша өз жазасын өтеп жатқан екен. Ал Петропавлда кәсіпорындардың бірінде еңбек етіпті.

ЕРЛАН НҰРШӘРІПОВ, СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Мальченко Алексей Иванович қоғамдық қауіпті және заңмен тыйым салынған іс-әрекетке ақыл-есінде ауытқушылығы бар күйінде барған. Сол себепті, соттың шешімімен ол жауапкершіліктен босатылады. Мальченкоға мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара қолданылады. Процессуалдық шығындар мен жәбірленушіге өтемақыны мемлекет өтейді.

 

Алдияр Айтпаев