Қызылжар ауданындағы Чапаево ауылының тұрғыны Дулат Қаймақов зайыбы екеуі бірнеше жыл бойы бие сауады. Өндірген өнімдері ауыл мен қала тұрғындары арасында сұранысқа ие. Ата кәсіпті дөңгелету мақсатында ерлі-зайыпты мемлекет көмегіне жүгініпті. “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша несие алуға өтінім білдірген екен. “Солтүстік” ӘКК-тің мамандары жерлесімізге 8,6 млн теңге көлемінде қарыз ау туралы өтінішін мақұлдаған. Бұл қаржыға отбасы мал басын көбейтіп, қымыз өндірісін кеңейтпек. Әзірге, Қаймақовтарда 6 бие бар. Жалпы, жоғарыда аталған жоба аясында ауылдағы ағайын кез келген кәсіп ашып, оны дамыта алады. Пайыздық мөлшерлеме 2,5%-ды құрайды.
Алдияр Айтпаев