“Самұрық-Қазына” қоры өндірістік қауіпсіздік бойынша Қор басшылығының, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерінің және портфельдік компаниялардың басшыларының қатысуымен II форумын өткізді. Форумда қор тобы қызметкерлерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі жоспарлар мен іс-шаралар талқыланды. Қор өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсартуға және апаттар мен жарақаттанудың алдын алуға баса назар аударады.
Іс-шарада еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту туралы баяндамалар ұсынылды. Портфельдік компаниялар “нөлдік жарақаттану” тұжырымдамасын енгізу туралы айтып берді, ал халықаралық компаниялар еңбекті қорғау саласындағы өз тәжірибелерімен және жетістіктерімен бөлісті.