Қоғам

Аймақ басшысы сауда орындарын аралады

Айдарбек Сапаров сатушылардың жұмыс жағдайымен танысып, азық-түліктің бағасын бағамдады.

Облыс әкімі тұрақтандыру қорынан жеткізілген өнімдер тұрған сауда орындарына барды. Айдарбек сапаров “Алтын Арман”, “Тайга” базарында болып, “Aimer” дүкенін аралады.

Айдарбек Сапаров «Алтын Арман» базарындағы жағдайды сынға алды. Онда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қапырық болмасы үшін кондиционер орнату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, облыс әкімі тауарлардың түрлілігі мен сөрелердегі отандық өнімнің аздығын сынға алды.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Неліктен біз консервілерді өндірмейміз? Біздің бұқтырылған тағамдар, консервілер қайда? Сіз инвестиция іздейсіз, қаржыландыру бар, неге жобаның бастап кететін жанды таппасқа? Біз мұнда өңделген өнімдерді, консервілерді, бұқтырылған тағамдарды өзге өңірлерден жеткіземіз.

Облыс әкімі сөрелердегі өнімдердің отандық және өңірде өндірілгеніне баса назар аудару қажет деді.

 

Алдияр Айтпаев