Көппрофильді жабдықтар зауытында тапсырыс портфелінің көлемі артты. Биылғы жоспардың ауқымы 3 млрд теңгеден асып отыр.
Тапсырыс уран өндіруге арналған бұрғылау жабдықтары мен оның қосалқы бөлшектерін құрастыруға қатысты.
ЕЛЕНА БАЛЯРИХИНА, «Көппрофильді жабдықтар зауыты» ЖШС директоры:
– Әзірге, тапсырыстың төрттен бірі орындалды. Бұл тендердің өткізілуіне байланысты. Қазір жұмыс қызу. 2 ауысыммен жұмыс істеп жатырмыз. Тапсырыс берушілеріміз – сол бұрынғылар. Көбінесе Оңтүстік Қазақстан өңірінің өкілдері. Несиелік және өз қаржымызға біраз жабдықты жаңартып алдық. Дәнекерлеу құралы мен станоктың бірнеше түрін сатып алдық.
Кәсіпорында кадр мәселесі өзекті тұр. Биыл зауыт басшылығы іске жас мамандарды тартуда.
ЕЛЕНА БАЛЯРИХИНА, «Көппрофильді жабдықтар зауыты» ЖШс директоры:
– Көктем мен жазда бізге тәжірибеден өтуге жастар келеді. Зауытта төленетін тәжірибе түрі қарастырылған. Бұл білім курсына байланысты, яғни 65 мың мен 120 мың теңге аралығында төленеді. Бізге Қозыбаев университетінің түлектері келді. 5-еудің 4-еуі қызыл дипломмен бітірген. Біз оларды жұмысқа алдық.
Кәіспорында төленетін өндірістік тәжірибеден Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің түлегі Ростислав Бобылев те өтіп жүр. Бұндай тәжірибенің берер мол дейді жас маман. Ол мұнда станокпен темір өңдейді.
РОСТИСЛАВ БОБЫЛЕВ, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің түлегі:
– Тәлімгерлер бағыт-бағдар беріп отырады. Оқытты, бәрін көрсетті, үйретті. Түсінбеген жағдайда бүкіл сұрағыма жауап беріп отырды.
Ақпанның 1-інен бастап көппрофилді жабдықтар зауытында еңбекақы 20 пайызға көтерілді. Яғни қызметкерлер орташа есеппен 284 мың теңге алады. Жыл соңына дейін серіктестік қызметкерлерінің жалақысы тағы да өседі.
Гульден Симбаева