Қоғам

Ит-мысықты чиптеу міндетті

Ағымдағы жылдың 10-шы сәуірінен бастап елімізде ит пен мысықтарды чиптеу ісі жүзеге асырылып келеді. Айта кетейік, қыркүйектің 1-іне дейін төртаяқтылардың иелері өз жануарларына чип салдыруы қажет. Яғни, енді адамдар үйде асырап отырған жануарына заңды түрде жауапты болмақ.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

– Бүгінгі таңда 1550 ит пен мысық чиптелді. Оның 963-і ит болса, қалғаны мысық. Айта кеткен жөн, 1550-дің ішінде 135-і қаңғыбас төртаяқтылар. Оның 132-сі ит болса, 3-еуі мысық.

Ит-мысығын иесі өз ақшасына чиптейді. Оның құны 2 жарым мыңнан басталып 5 мың теңгеге дейін жетеді. Әлеуметтік тұрғыда осал жандар үшін бұл қызмет тегін болады.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

– Жалпы, чиптеу әлжуаз топқа жататын азаматтардың жануарлары үшін тегін жүргізіледі. Ол мемлекеттік тұрғыда қарастырылған. Жалпы, облысымызда чиптеуге 53,4 млн теге бөлінген. Қосымша 1 мың чип сатып алынды. Кез келген тұрғын бұл қызметті арнайы ветеринариялық клиникалар мен станцияларда пайдалана алады.

Жалпы, бұл әдіс жоғалған жануарды жылдам тауып, оны егесіне қайтаруға мүмкіндік береді. Таңба басу, ен салу деген секілді ескі әдістерге қарағанда электронды чиптеу – тиімді амал. Ал ережені орындамағандар үшін арнайы жаза қарастырылған екен.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, облыстық ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:

– Физикалық азаматтарға 10 АЕК айыппұл салынады. Қызметтегі адам 20 ЕАК, ал заңды тұлға 30 АЕК төлеуі тиіс болады. Егер заңбұзушылықтар қайталанса, үстіне тағы 10 АЕК қосылады.

Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарының ой-пікірін сұрастырып көрдік. Халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдап, дұрыс екендігін айтып жатса, енді бірі сүйікті жануарының денесінде бөтен заттың болғандығын қаламайтынын айтты.

– Менің үйімде мысық та, ит те бар.Чип салған дұрыс.
– Ол бір жағынан дұрыс болса, бір жағынан бұрыс секілді. Жоғалса тауып алуға жеңіл екен.
– Менің жануарларым тек үйде жүреді. Сондықтан, қажет емес секілді.
– Мүмкін дұрыс та шығар. Әр адам өз жануарларына ие болады.0:21 Асыл тұқымды мысық, иттер де болады ғой. Оларды ұрлап әкетіп не болмаса зиянын тигізуі мүмкін. А, чип оларды сондай жағдайда қорғауы мүмкін.

Жалпы, Петропавлда ит пен мысықты чиптеуге мамандандырылған 7 ветеринарлық клиника бар.

 

Аснурия Абдула