Білім грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. “Енді балалардың ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес, конкурстық негізде білім гранттары тағайындалады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, биыл конкурсқа 94 мыңнан астам өтінім беріліпті. Талапкерлердің басым бөлігі «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыттарындағы мамандықтарды таңдаған екен. Іріктеудің қорытындысы тамыздың 10-ына дейін Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің интернет ресурсында, Telegram арнасында және ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау рәсімі 25-ші тамызда аяқталады.
Аснурия Абдула