Құқық қорғау органдары

33 жастағы аудан тұрғынынан 2,5 мың литр алкоголь тәркіленді

33 жастағы солтүстікқазақстандық “Газель” көлігімен 2,5 мың литр арақ әкетіп бара жатқан жерінде ұсталды. Ауыл тұрғынының спиртті өнімнің заңсыз айналымына қатысы бар дегенді естісімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны жергілікті полицейлермен бірлесіп тоқтатқан. Жүк көлігінен контрафактілі арақ құйылған 5 литрлік пластикалық ыдыстың 500 данасы табылды. Бұған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жиналды. СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, облыста жыл басынан бері құрамында спирті бар 5 мың литрге жуық ішімдік тәркіленіп алынған.

 

Гульден Симбаева