World Benchmarking Alliance төмен көміртекті ауысу (ACT) және әлеуметтік тиімділікке негізделген әлемдегі 100 жетекші мұнай-газ компанияларын қамтитын рейтингті жариялады. Бұл рейтингте “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ өткен жылы 77-орыннан көтеріліп, 37-орынға ие болды. Компания CDP жаһандық климаттық бастамасының бөлігі ретінде парниктік газдар шығарындылары мен суды басқару бойынша ерікті есептілікті жариялады.
ҚМГ сонымен қатар TCFD қағидаттарына сәйкес климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ашу бойынша есептілікті енгізу бойынша жұмыс істейді. Негізгі мақсат экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, орнықты даму мен ресурстарды басқаруды қолдау болып табылады.