Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігі  машина жасауды дамытудың 2024 жылдан 2028 жылға дейінгі кезеңге арналған кешенді жоспарын ұсынды

Жоба ел Президентінің тапсырмасына сәйкес әзірленді және сала үшін мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Базалық жағдайларды жақсарту, кадрлық әлеуетті дамыту және техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жоспарлануда. 2028 жылға қарай өнім өндіру көлемінің едәуір ұлғаюы, еңбек өнімділігінің өсуі, экспорт пен салаға инвестициялар көлемінің ұлғаюы күтілуде.

Үкімет бұл жоспар машина жасауды дамытуға жүйелі көзқарасты қамтамасыз ететініне және оның ұзақ мерзімді ілгерілеуіне ықпал ететініне сенімді.