«AMANAT» партиясының жергілікті қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 1452 өтініш келіп түскен. Партиялықтар соның 693-ін шешті. Мәселелерді шешу үшін саяси ұйым мүшелері депутаттарға, кәсіпкерлер мен ауыл әкімдеріне жиі жүгінеді. Жалпы, абаттандыру және инфрақұрылымды сақтау мәселелері бойынша – 555, әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде – 200-ден астам, жұмыспен қамту және еңбек дауларын шешу бойынша 95 өтініш қабылданған. Сондай-ақ, халықты құжаттандыру және тіркеу турасында да сұрақтар жиілеген көрінеді.
Акжунис Мухатай