Құқық қорғау органдары

Петропавлда фармацевт қатты әсер ететін дәріні рецепсіз сатқан

Бұл фактіні полиция қызметкерлері “Дәрмек” жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде анықтады. Дәріхана қызметкері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-шы бабы бойынша жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, нашаға қосатын заттарды пайдаланатын кәсіпорындарда 11 құқық бұзушылық анықталды. Мамандар 5 күн ішінде облыста есірткіге қатысты 20 құқық бұзушылық тіркеді. Барлығы – 200 грамнан астам синтетикалық есірткі мен 42 келі кептірілген марихуана тәркіленді.

 

Гульден Симбаева