ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиынға қатысушылар тауардың Қазақстаннан шыққанын растаудың жаңа тәсілдерін қарастырды. Осылайша отандық өнімнің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу ұсынылды. Тиісті өндірістік және технологиялық шарттардың болуын растағаннан кейін ғана тізілімге кіруге болады. Жалпы, қазақстандық тауарлардың шығу тегін белгілеу ол еліміздің өндірістік қуаттарын жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.
Гульден Симбаева