Құқық қорғау органдары

Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті

Петропавлдағы “Динамо” стадионында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өтті. Негізгі мақсат – арнаулы және құқық қорғау органдарының лаңкестік әрекеттерге қарсы дайындығын тексеру. Шара барысында Партизан және Тоқсан би көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына шектеу қойылды. Іс-әрекет шынайы ұрысқа жақын жағдайда өрбіді. Деструктивті діни ағымның өкілдері тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған сыңай танытты. Ал мамандар ұйымдасқан әрі жедел іс-әрекет етудің нәтижесінде қауіптің алдын ала білді.

 

Аснурия Абдула