Құқық қорғау органдары

Биыл Петропавлда 40-қа жуық велосипед ұрлығы тіркелді

Үй алдында немесе подъезде жәй тұрған велосипедті қолды қылу оңайдың оңайы. Қолының қыспасы бар ұрылар оны ешкімге білдіртпей жетелей кетеді. Мамандардың айтуынша, әсіресе, велосипедім жоғалды деген жоқ іздеушілер жазда көбейеді екен. Полиция қызметкерлері қазір қалада алдын алу шарасын өткізіп жатыр. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін барынша көп түсіндірілсе, ұрлық та мейлінше азаяды дейді.

ҚЫМБАТ ҚАСЫМХОЖИНА, қалалық ПБ штаб бастығы:

– Қала аумағында шілденің 25-28-і аралығында басқарма қызметкерлері «Велосипед» акциясын жүргізеді. Бұл акцияның мақсаты – велосипед ұрлықтарының алдын алу. Сол мақсатта қызметкерлер парақшалар таратып, тұрғындармен алдын алу жұмыстарын жүргізіп, оларға велосипедтерін далаға тастамай, үйлеріне кіргізіп, подъездерде қалдырмау қажеттігін айтады.

Петропавлда жыл басынан бері 35 велосипед ұрлығы тіркелген. Соның 17-сі әлі ашылған жоқ.

 

Гульден Симбаева