Құқық қорғау органдары

СҚО-да биыл жол-көлік апатынан 17 адам қаза тапты

Облыста жыл басынан бері 127 жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан 17 адам қаза тауып, 179 адам жарақат алды. Осындай статистика келтірген тәртіп сақшылары жолдағы жағдайға алаңдаулы. Көлік апаттарының себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болу болып саналады. Мамандар жолдағы тәртіпті қадағалап қана қоймай, тұрғындар да өз тарапынан жалпыға ортақ тәртіпті сақтауға тырысулары керек дейді. Ойланбаған жасалған қадам артынан опық жегіздіруі мүмкін. Оған жаңағы келтірілген статистика дәлел. Полиция қызметкерлері үздіксіз жүргізіп жатқан профилактикалық шараларына қоғам белсенділерін де тартуда.

Жанат Жақиянов, бокстан әлем чемпионы:

– Құрметті СҚО тұрғындары! Қазіргі уақытта жол-көлік апаттары жиі болып жатыр. Осыған орай жол ережесін қатаң сақтауға шақырамын. Жолда сақ болыңыздар! Үйде отбасыларыңыз күтіп отыр.