Экономика және қаржы

Қазақстанда 2023 жылға арналған бюджетке түзету енгізілмек

Қазақстанда 2023 жылға арналған бюджетке шығыстарды арттыру бағытында түзету енгізілмек. Нәтижесіне кейбір салада қаржы ұлғайып, кейбірінде қысқармақ. Мысалы, бұрын әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 14 жарым млн теңгедей бөлінсе, енді 16 млн-дай бағытталады. Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада әлеуметтiк қамтамасыз ету объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері де артады. Сонымен қатар, “Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға қарастырылатын қаржы көлемі ұлғаяды.

 

Байболат Култанов