Құқық қорғау органдары

Зейнеткерден 5 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды

Зейнеткерден 5 млн теңге жымқырған алаяқ ұсталды. Жуырда петропавлдық нәзікжандыға өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған ер адам хабарласады. Ол “Немереңіз жол апатын тудырды, оны жазадан құтқару үшін ақша жіберу керек” деген. Әйел адам жалған ақпаратқа сеніп қалып, 5 млн теңгесін курьер арқылы салып жіберген. Үйге келген немересі бірден полиция қызметкерлеріне жүгінеді. Нәтижесінде 1 ай өтпей ұсталған ұры 17 жастағы петропавлдық болып шықты. Ол жымқырған ақшаның барлығын қайтарып берген. 17 жастағы қу кәмелет жасына толмағандықтан жазадан босатылыпты.

 

Самал Жунусова