Қоғам

Өңірдегі өзбекстандықтар Өзбекстан Президентінің сайлауына қатысуда

Өзбекстанда шілденің 9-ы кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Қазір мемлекеттің елшілігі бар елдерде саяси науқан мерзімінен бұрын жүргізілуде. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысында сайлау учаскесі Достық үйінде ашылды. Өңірімізде қоныс тепкен Өзбекстан азаматтары таңғы сағат 9-дан осында келіп, өз таңдауларын жасауда. Түскі сағат 2-дегі жағдай бойынша барлығы – 150 адам арнайы комиссия алдынан өткен. Айта кетейік, бұл – бауырлас елде орын алған конституциялық өзгерістен кейінгі алғашқы сайлау.

САЛАМАТ СЕЙТІМБЕТОВ, сайлау комиссиясының мүшесі:

– Мерзімінен бұрынғы сайлау 28-ші маусымда бастау алды. Саяси науқан шілденің 5-іне дейін жалғасады. Дауыстарды санау нақты сайлау күні, яғни 9-ында жүргізіледі. Облыстағы Өзбекстан азаматтары сайлауға белсенді түрде қатысуда. Отбасымен келіп жатқандар да бар. Ал мұнда келуге мүмкіндігі жоқ жандарға біз өзіміз барамыз. Айта кетейік, саяси додаға 4 кандидат қатысуда.

 

Алдияр Айтпаев