Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі халықпен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі өңірге жасаған жұмыс сапары аясында халықпен кездесті. Облыстық кітапханада ұйымдастырылған жиынды Евгений Кочетов баяндамамен бастады. Министрдің орынбасары жастар саясатына баса назар аудару қажет деді. Оның ішінде жұмыс істемейтін ұл-қыздарды еңбекпен қамту бар.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

– Республика бойынша жұмыс істемейтін жастар көрсеткіші орташа алғанда 8 пайызды құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында да еңбек етпейтін жастар жетерлік. Бүгінгі таңда ұл-қыздардың 8,5%-ы NEET санатында жатады. Осы облыста ауылшаруашылық саласында жұмыс істеуге мүмкіндік көп.

Кейін жиналған қауым министрге толғандырған сұрақтарын қойды. Қала тұрғыны Гүлмира Жілкібаеваны отбасылық қарым қатынас мәселесі алаңдатады. Сондықтан министрден отбасыларды қолдау орталықтарының тиімділігі жайлы сұрады. Айта кетсек, елімізде мұндай 70 ұйым бар екен. 2025 жылға дейін тағы 75 орталық ашу жоспарда бар. Яғни, алдағы уақытта республикада 145 мекеме болмақ.

ГҮЛМИРА ЖІЛКІБАЕВА, қала тұрғыны:

– Они оказывают разные консультационные услуги. Я хочу спросить насколько они эффективны? Так как проблема разводов и насилия очень актуальна в наше время.

ЕВГЕНИЙ КОЧЕТОВ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

– Это профилактика. Семейные ценности, обслуживания вопросов касаемо семейных ценностей. А есть кризисные центры. Они борятся с последствиями. Это когда уже конфликт произошел.

Сондай-ақ, сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты болды. Нақтырақ айтсақ, келешекте газеттің сақталуы жайлы. Бұған министр уайымдаудың қажеті жоқ деді. Газет маңызды ақпарат құралы болып саналады. БАҚ туралы заң аясында газет саласы үшін жеке субсидия бөлу мәселесі талқылануда.

 

Самал Жунусова