Құқық қорғау органдары

Үйдің жертөлесінде марихуана сақтаған

Петропавл қаласының тұрғыны марихуанамен ұсталды. Ол 4 қап улы шөпті Гоголь көшесіндегі үйдің жертөлесінде сақтап келген. Мұны тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде анықтады. Табылған заттың салмағы 113 келіден асады. 36 жастағы ер адам қамауға алынды.

БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

– Ағымдағы жылы 17 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Интернационал көшесінде есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 ер адам ұсталды. Жалпы салмағы 113 кг марихуана есірткі заты болып табылды.

Айта кетейік, аса ірі мөлшерде есіркі сатқан адам 10-15 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл – облыста жыл басынан бері тәркіленген марихуананың 2-ші ірі партиясы. Жалпы, биыл полицейлер 600 келіден астам есірткі тәркілеген.

 

Гульден Симбаева