Қоғам

Петропавл іргесіндегі саяжайлардың иелері бір шешімге келе алмай жатыр

Горизонт саяжайының құрылғанына – 40 жыл. Бүгінде саяжайшылар екіге бөлініп кеткен. Біреуі бау-бақша құрамына кірсе, енді бірі қоғамдық бірлестік қатарында. Осыдан бірнеше жыл бұрын белгісіз 8 адам келіп, тұрғындарға өздерін осы саяжайдың негізін қалаушымыз деп таныстырыпты.

АЛЕКСАНДР ИВАНОВ, «Горизонт» саяжай қауымдастығының төрағасы:

– Бұған дейін біздің ұйым бау-бақша серіктестігі болатын, бірақ қағаз жүзінде 2014 жылы қоғамдық бірлестікке ауысыппыз. Бұл туралы 2 жыл бұрын ғана білдік. Бұл шешіммен келіспеген саяжайшы қоғамдық бірлестікке қарсы шағым жазуы керек еді. Алайда, ешкім жазбаған. Ашығын айтқанда, көлденеңнен келген жандарды бұл жерден шеттете алмай жүрміз. Әкімдіктің көмегімен бау-бақша серіктестігін мамыр айында қайтарып алдық.

Александр Иванов өткен сәуір айында «Горизонт» саяжай қауымдастығының төрағасы болып сайланды. Сол уақытта қоғамдық бірлестіктің құрылтайшылары-мыс бөтеннің мүлкін пайдалану құқығын рәсімдеумен айналысқан екен.

АЛЕКСАНДР ИВАНОВ, «Горизонт» саяжай қауымдастығының төрағасы:

– Саяжайшылардың ақшасына алынған барлық дүние соларға ғана тиесілі. Тұрғындар қажет жағдайды өздері жасап алып жатыр. Мысалы, су мен жарық тартпақшымыз. Мұны қоғымдық бірлестік иеленіп алып, бізге қызмет ретінде сатқысы келеді.

Осы ретте саяжайшылар қалалық бағбандар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Василий Ротарьдан араша сұрады.

ВАСИЛИЙ РОТАРЬ, қалалық бағбандар бірлестігінің төрағасы:

– Олар сорғы станциясына қатысты құжаттарды көрсетулері керек.
Біз осындай талап қойдық. Бірақ, жауап қатар емес. Тиісті құжаттарды бермесе, сотта сөйлесеміз.

Салдарынан бағбаншылар сусыз қалған. Аптап ыстықта еккен дақылдарын суара алмай дал болыпты. 40 жыл бұрын пайдалануға берілген су құбыры әбден ескірген. Жер телімдерінің иелері оны соңғы жылдары ешкім жөндемегеніне сенімді.

– Бәрі кеуіп кетті. Су болмағаннан кейін жеміс-жидек өспейді. Саяжайшылардың барлығы сусыз қалды.
– Мұндай қоғам 40 жылда бірінші рет құрылып отыр. Бәрі бұрынғыдай болғанын қалаймыз.

Ал «Горизонт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Андрей Кутняк қолымда керекті құжаттың барлығы бар дейді.

АНДРЕЙ КУТНЯК, «Горизонт» ҚБ төрағасы:

– Су құбырының істен шыққанын растаймын. Былтыр ғана қозғалтқышын жөндеген болатынбыз. Жиналған ақшаның барлығын іске асырудамыз. Бәрін өз орнына келтіру үшін бізге уақыт керек. Саяжайшылардан біраз күте тұруларын сұраймын. Су беріледі.

Андрей Кутняк бөтеннің мүлкін пайдалануға қатысты ақпарат жалған дейді.

АНДРЕЙ КУТНЯК, «Горизонт» ҚБ төрағасы:

– Біреу біздің коммуникациялар өтетін учаскені сатып алды. Содан кейін
сол жерде жатқан құбырды алып тастасын деп талап етті. Оны пайдалану құқығына шектеу қойды. Ертең ешкімнен сұрамай-ақ құбырды кесіп тастайды немесе еш жерде баланста болмаса трансформаторды алып тастайды.

Любовь Ещенко “Горизонттан” саяжай учаскесін 2014 жылы сатып алған. Нәзікжанды қоғамдық бірлестікті қолдап отыр. Бағбандардың бөлінуі ойға қонымсыз дейді..

ЛЮБОВЬ ЕЩЕНКО, қала тұрғыны:

– Саяжайшылар әуелде күзетшілерге кім жалақы төлейтінін шеше алмады. Барлығы қоғамдық бірлестік төлесін деді. Жеміс-жидекті өздері өсіреді екен, өтемін қоғамдық бірлестік төлеу қажет екен.Оны қалай түсінуге болады?

ВИКТОРИЯ ПРИСЯЖНАЯ, «Горизонт» ҚБ мүшесі:

– Пайдаланған су мен жарықтың төлемін, күзетшілердің жалақысын қоғамдық бірлестік төлеп отыр. Не қылған қоғамдық бірлестік деп ешкім осыған дейін сұраған жоқ. Барлық құжаттарда бірлестіктің мөрі болды.

Аталған ұйымның уақытша басқарма мүшесі Виктория Присяжнаяның айтуынша, 2022 жылы су құбырын жөндеуге 1 жарым млн теңгеге жуық қаржы жиналған. Қоғамдық бірлестік өкілі сол сома “Горизонттың” шығындарын жабуға жұмсалған.

 

Гульден Симбаева