Қоғам

Облыс орталығындағы спорттық мектептерде заңбұзушылықтар тіркелді

Облыс прокуратурасы «Олимп» және «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тексеріс жүргізді. Оның барысында мекемелерде еңбек заңнамасы нормаларының бұзушылықтары тіркелді. «Дельфин» мектебінде біліктілік санаттарын заңсыз беру фактісі анықталды. Ал «Олимпте» оқушылар үшін киім ауыстыру орындары дұрыс жабдықталмаған және спорт жабдықтары жеткіліксіз болып шықты. Сондай-ақ, жұмысқа жаттықтырушы ретінде заңсыз забылданған жандар негізсіз еңбекақы алып келген. Анықталған бұзушылықтар бойынша облыс әкімдігінің атына және Дене шынықтыру мен спорт басқармасына қадағалау актілері енгізілді. Бюджетке 6,8 млн теңге көлемінде шығын келген. 14 тұлға жауапкершілікке тартылды. 4 азамат лауазымдарынан босатылды. Тағы екеуі біліктілік санаттарынан айырылды. Ал басқарма басшысы Сергей Мелехов сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Алдияр Айтпаев