Қоғам

ХҚКО мамандарының шеберлік сағаты

Азаматтарға арналған электронды үкімет порталын көбісі пайдалануды білмейді.
Бұл – халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдерінің пікірі.
Мамандар осы ретте тұрғындардың сауаттылығын арттыру мақсатында апта сайын шеберлік сағатын өткізіп жүр. Осы жолы олар “БЛОК” серіктестігінің ұжымымен кездесіп, электронды үкімет порталын пайдалану тәсілдерін көрсетті.

АЙГҮЛ БЕЙСЕМБАЕВА, қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы:

– Электронды үкімет порталын, әсіресе, егде жастағы жандар пайдалана алмайды. Электрондық цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу, оны қолдана білу, логин мен пароль, digital, яғни бет сканері арқылы әрекет ету тәсілдерін түсіндіріп жүрміз.

 

Самал Жунусова