Құқық қорғау органдары

СҚО-да жыл басынан бері 30-дан астам велосипед ұрланған

Облыста жыл басынан бері 32 велосипед ұрлығы тіркелді. Соның 21-і Петропавлда болды. Баукеспелер адамдардың жеке мүлкін қолды қылу үшін көпқабатты үйге тұрғындардың кіруін күтеді немесе домофонмен қоңырау шалып, есікті ашуын өтінеді. Көбінесе ішке досыма келдім деп немесе коммуналдық қызметкер екенін айтып кіріп кетеді. Олар тек қос дөңгелекті көліктерді ғана емес, баланың арбасын да қолды қылады. Қазіргі таңда осындай ұрылықпен айналысқан ер адам жазасын өтеп жатыр. Ол қаладағы үйлердің жертөлесіндегі құлыптарды бұзып, ішін тінтіп отырған. Сондай-ақ, 33 жастағы ер адам ұрлаған заттардың ішінен 2 велосипед табылды.

 

Гульден Симбаева